• Біздің жетістіктеріміз

          • "Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады" дегедей "Білім-инновация" лицейлері арасында өткен бірінші тоқсандық "Білім Тексеру Сынағы" бойынша жоғары дәреже көрсеткеніміз үшін марапатқа ие болдық.

          • "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" апталығы

          • 2017 жылғы 20-29 қараша аралығында "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" апталығы жоспарланып, "Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" атты сынып сағаты өткізілді және "Зорлық зомбылықсыз балалық шақ" атты түсіндірмелі иллюстративті видеосабақ өткізілді, "Зорлық-зомбылықсыз әлемді қала тұрғызуға болады" атты тақырыпта дебат жарысы өтті.

            Құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбымен кездесу өткізілді. Кездесуге мектебіміздің педагог-психологы Телемисова Индира Жұмабайқызы және Атырау қаласы ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Султангалиева Жанаргүл Қуанышқалиевна келіп, оқушылардың көкейінде жүрген құқық бұзышулыққа және құқықтық тәрбиеге байланысты сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

          • Біздің жетістіктеріміз

          • Қарашаның 21 жұлдызында қыздарымызды Алматы қаласына "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған "Білім - орда" халықаралық қоғамдық қорларына қарасты білім беру ұйымдары оқушылары арасында өткізілген Республикалық волейбол турниріне шығарып салдық. Қыздарымыз өз белсенділіктерін көрсетіп, "Жеңіске құштарлығы үшін" атағымен марапатталды. Лицейіміздің 8 "с" сынып оқушысы Болатқызы Ару "ең үздік тосқауылшы" номинациясымен марапатталды. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

          • Апталықтар маусымы

          • Лицейімізде 13-17 қараша аралығында Мұрадов Қуаныш, Мырзалықызы Ұлжан мұғалімдеріміздің ұйымдастыруымен математика, информатика пәндерінің апталығы өтті. Қыздарымыз қабырға газеті, макет жасау, тәттілер дайындау, ойын ұйымдастыру бойынша өз өнерлерін көрсетті. Аптылық жоғары дәрежеде өтті.

          • Біздің оқушылар

          • " Білімдіге дүние жарық " дегендей, отыз алты " Білім-инновация " лицейлері арасында " Білім Тексеру Сынағы " бойынша көптен озып шығып, алғашқы ондыққа кірген Мұратқызы Мадина, Ибраемова Аружан, Гайнеденова Айсара атты білімді қыздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

        • Ата-аналар арасында спартакиада
          • Ата-аналар арасында спартакиада

          • Спорт-денсаулық кепілі. Лицейіміздің ата-аналары арасында волейбол,шахмат және теннис ойындары бойынша спартакиада өтті. Өз сыныбының намысын қорғауға келген әкелеріміз бен аналарымыз ойынның қызығын келтірді. Әр сайыс бойнша өз сыныбының намысы үшін барларын салып бақты. Ойындар тартысқа толы болды. Оқушыларымыз да өз командалары үшін керемет жанкүйерлік танытты. Бір сөзбен айтқанда ұйымдастырған спартакиадамыз өте тамаша өтті. Осы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан барша ата-аналарымызға, оқушыларымызға және ұстаздарымызға лицейіміздің атынан алғысымзды білдіреміз.

        • Апталықтар маусымы
          • Апталықтар маусымы

          • Лицейімізде 9-13 қазан аралығында физика,биология,химия пәндерінің апталығы өтті.Ұстаздарымыз Мухаррем Картав, Ақмарал Есмұрат, Жазира Жолдасованың ұйымдастыруымен апталығымызда оқушыларымыз қабырға газеті, 3д макет сайыстары, әртүрлі эксперименттер бойынша өз шеберліктерін сарапқа салды. Қыздарымызға әрқашан сәттілік жолдас болғай!

        • Тіл-татулық тірегі
          • Тіл-татулық тірегі

          • 22 қыркүйек Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесіне орай жыл сайынғы дәстүр бойынша лицейімізде "Тіл-татулық тірегі" атты үлкен мерекелік шара атап өтілді. Қазақстан Республикасының ұлттары (қазақ,орыс,өзбек,кәріс,түрік,ағылшын,татар) өз мәдениетін,өз дәстүрлерін көрсетті.Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар қатысқан осынау бір тамаша мейрам келген қонақтарды таң тамаша етті.

        • "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
          • "Сыңғырла, соңғы қоңырау!"

          •            25 мамыр күні лицейімізде «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.

                      Салтантты жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының енуінен басталды. Мемлекеттік туды енгізу құрметі оқу озаттары, олимпиада жүлдегерлері Әменова Аружан, Исмагулова Әсел, Ахметова Мөлдірге берілді. Мемлекеттік әнұранмен жалғасқан жиынның алғашқы  құттықтау сөзі лицей директоры Қарсабаев Ермек Ізбасарұлына берілді.

                      Салтанатты жиын барысында 7-сынып оқушысы Утарова Ақтолқын «Сәлем» термесін, 8-сынып оқушысы Темірқанат Мадина «Мектебім менің, мектебім» әнін, «Айару» би үйірмесінің қыздары «Қазақ» биін орындады. 2016-2017 оқу жылы бойынша анықталған озаттар шеруі жүріп өтті. Оқу озаттары мақтау қағаздарымен марапатталды. Лицей тынысына белсенді атсалысып жүрген ата-аналарға алғысхат берілді.

                    Мемлекеттік ту шығарылып, дәстүрлі соңғы қоңырау соғу рәсімі оқу озаттары, олимпиада жүлдегерлері 8-сынып оқушысы Елеубаева Анар мен 7-сынып оқушысы Камал Дианаға берілді.

        • Қайырымдылық - қадірлі іс
          • Қайырымдылық - қадірлі іс

          •  2017 жылдың 4,11 мамыр күндері 7,8-сынып оқушылары жәрмеңке ұйымдастырған болатын. Жәрмеңкені ұйымдастырудағы басты мақсат - жәрмеңкеден түскен қаржыны мұқтаж жандардың игілігіне жұмсау, оқушылардың бойындағы қайырымдылық, ізгілік қасиеттерін дамыту, рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру. Осы мақсатта лицей әкімшілігі"Атырау Рауан" қайырымдылық қорымен байланысып, 20 мамыр күні лицей оқушылары мен сынып жетекшілері көмекке мұқтаж, аз қамтылған 10 отбасына барып, азық-түлік қораптарын апарып табыстады. 

        • Ұлы жеңістің 72 жылдығы
          • Ұлы жеңістің 72 жылдығы

          • 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Жеңіс күніне арнап 8б сыныбы мамыр айының 5-і күні мерекелік концерт дайындаған болатын. "Әлия" әнімен ашылған концерт 1941-1945 жылғы сұрапыл соғысты бейнелейтін қойылыммен, лицейдің биші қыздарының билерімен жалғасып, соңы лицейдегі ерлер қауымын төл мерекелерімен құттықтау салтанатымен аяқталған болатын. Жеңісті күндеріміз көп болғай!

        • Қайырымдылық жәрмеңкесі
          • Қайырымдылық жәрмеңкесі

          • Мамырдың 4-і күні 8а және 8б сынып оқушылары мен тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен тағамдар жәрмеңкесі өткізілген болатын. Жәрмеңке барысында қолдан дайындалған 35 түрлі тағам сатылымға қойылып, сатушы мен есепшілер оқушылар арасынан тағайындалды. Осылайша лицейіміздің алғашқы қайырымдылық жәрмеңкесі жоғары деңгейде өткен болатын. Мұқтаж адамға қол ұшын беру, қиын кезеңде демеу көрсетуді мақсат еткен оқушыларымыз аталмыш қоғамдық шараға белсенді түрде қатысты. 8-сынып оқушыларының бастаған игі бастамасын, 7-сынып оқушылары 12 мамыр күні жалғастырмақ ниетте.

        • "Бесікті" демалыс орнында
          • "Бесікті" демалыс орнында

          • 1мамыр бірлік күні лицей оқушылары, ата-аналары мен ұстаздары "Бесікті" демалыс орнына серуенге шықты. Татулықты ту еткен лицейліктер керемет демалыс ұйымдастырып, ата-аналар, оқушылар арасында спорттық эстафета, арқан тартыс, басқа да ойын түрлері өткізілді. Ата-аналар тамақ қамына кіріссе, ал оқушылар жарыстарда белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

        • "Жарқын болашақ" олимпиадасы
          • "Жарқын болашақ" олимпиадасы

          • Сәуірдің 6-7 күндері Атырау облыстық Білім-инновация лицейінің ұйымдастыруымен "Жарқын болашақ" олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Қазақ тілінің ұлылығын насихаттайтын, қазақ әдебиетінің асқақтығын дәріптейтін бұл олимпиададан қыздарымыз жүлделі оралды:

            1. 8а сынып оқушысы Елеубаева Анар "Жас ғалым" бағыты бойынша - ІІ орын;

            2. 8б сынып оқушысы Өнел Ниметнұр "Жас ғалым" бағыты бойынша - ІІІ орын;

            3. 8б сынып оқушысы Саташева Айшуақ "Жазушы" бағыты бойынша - ІІІ орын;

            4. 7а сынып оқушысы Тенизбаева Малика "Сөз шебері" бағыты бойынша - ІІІ орын.

            Пы.Сы. Бұл - дарынды қыздар лицейінің "Жарқын болашақ" олимпиадасында алғаш рет бап сынауы болатын.

        • 8 наурыз мерекесі
          • 8 наурыз мерекесі

          • 2017 жылдың 7 наурызы күні Халықаралық арулар мерекесіне орай лицей ата-аналары мен оқушыларын, арулар ұжымын құттықтау мақсатында мерекелік концерт өткізілді.

                   Аталмыш концертті ұйымдастыру ісіне 7С сыныбы жауапты деп танылды. Концерт барысында 7Б сынып оқушысы Утарова Ақтолқын «Асыл әже» әнін, 8А сынып оқушысы Темірқанат Мадина «Анашым» әнін орындаса, ал 8Б және 7Б сыныбының бишілер тобы өз өнерін көрсетті, 7с сыныбы құттықтау видеороликтерін көрсетіп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 40 минуттық уақытқа созылған шараның аяғында лицей директоры Ермек Ізбасарұлы атаулы мерекемен лицейдің арулар қауымын құттықтап, лицей әкімшілігі атынан гүл мен сыйлықтар табыстады.

        • «Ардагерлер – даналық пен даңқтың үлгісі»
          • «Ардагерлер – даналық пен даңқтың үлгісі»

          • 2017 жылдың 18 ақпан күні лицейімізде ардагерлер ұйымының 30 жылдығына арналған «Ардагерлер – даналық пен даңқтың үлгісі» тақырыбында Атырау облысының құрметті азаматы, ардагер Көргенов Махмұд Көргенұлымен кездесу ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында Махмұд ағайдың өмір жолы, еңбек жолы, жетістікке жету жолын тыңдаған оқушыларымыз бұл кездесуден керемет әсер алды. Оқушылар сұрақ қойып, ағайдан кеңес те алып жатты. Сонымен қатар, бұл күннің химия күнімен сәйкес келуіне байланысты Махмұд ағай оқушыларымыздың өз қолдарымен жасаған эксперименттеріне куә болып, бұрынғы білім беру жүйесі мен қазіргі білім беру жүйесін салыстыра отырып, қазіргі заманауи мүмкіндіктер бар уақытта сабақты жақсы оқып, ерінбей еңбек ету керектігін айтып, аталық өнегесін көрсете білді. Кездесу соңында Махмұд ағайды ардагерлер мерекесімен құттықтап, оқушылар, әкімшілік тарапынан игі тілектер айтылып, естелік суретке түскен болатынбыз.

        • "Лицей аруы - 2017" сайысы
          • "Лицей аруы - 2017" сайысы

          • 2017 жылдың 4 наурызы күні халқымыздың инабаттылық, ізеттілік, сыпайылық сынды ізгі қасиеттеріне баулу, қолөнерлік шеберлігін, қонақ күту әдебін байқау мақсатында «Лицей аруы – 2017» сұлулық сайысы өткізілді.

                   Сайыстың басты талабы – тән сұлулығы мен жан сұлулығы ұштасқан білімді де тәрбиелі оқушыны анықтау. Сайысқа әр сыныптан 1 үміткерден, жалпы саны 5 үміткер қатысты:

            1)7 «А»  Сәрсенбиева Алия
            2)7 «Б» Утарова Ақтолқын

            3)7 «С» Болатқызы Ару
            4) 8 «А» Рахатова Асылай
            5) 8«Б» Жұмағалиева Гүлназ

            Сайыс 8 айналымнан тұрды:

            1«Мен – қазақтың қызымын» – таныстыру

            2«Сұлулық сыры» – қазақтың ұлттық киім үлгісін көрсету.

            3«Өнерлі өрге жүзер» – ән салу, би билеу, күй шерту, көркемсөз оқу.

            4«Салт-дәстүрім – салтанатым» –  қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары бойынша ұяшық таңдап, сұраққа жауап беру.

            5 «Қызым, еркем – кестесімен көркем» берілген уақыт ішінде өз қолымен әшекей бұйымын жасау.

            6«Зерделінің ойы озық» – берілген тақырыптар бойынша сөйлеу шеберлігін көрсету.

            7«Он саусағынан өнер тамған» – әртүрлі материалдан жасалған киім үлгісін көрсету.

            8 «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» – берілген жеміс түрлерін сәндеп, әдемілеп ұсыну.

                      Әр кезең сайын сайыскерлердің ұпайы хабарланып, сайыс соңында жалпы ұпайдың қорытындысы бойынша:

            Утарова Ақтолқын – І орын иеленіп, «Лицей аруы – 2017» атанды;

            Жұмағалиева Гүлназ – ІІ орын,

            Рахатова Асылай – ІІІ орын иеленді;

            Болатқызы Ару мен Сәрсенбиева Алия алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

             

    • Байланыс

      • Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты
      • info@atyraukizlitsei.kz
      • Атырау қ-сы, А.Владимирский к-сі, 28 Atyrau, Vladimirski st., 28
      • +7(7122)52-05-39 Қабылдау бөлімі (09:00-17:00) +7(7122)51-40-15 Анықтама (17:00-09:00)
  • Фотогалерея

      еще нет данных для отображения