• СҮЙІНШІ

          • Екі күнге созылған облыстық олимпиада өз мәресіне жетіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған оқушылар белгілі болды. Лицейіміздің ашылғанына екі-ақ жыл болғанына қарамастан оқушыларымыз тамаша нәтиже көрсете білді. Жалпы айтқанда мектебіміз 12 жүлделі орынға қол жеткізді. Нәтиже төмендегідей:
            АЛТЫН жүлде иегерлері - 2 оқушы
            КҮМІС жүлде иегерлері - 3 оқушы
            ҚОЛА жүлде иегерлері - 7 оқушы 
            Осылайша біз үшін жаңа 2018 жыл сәтті басталды. Жүлделі орынға ие болған оқушыларымызды және еңбегі сіңген барша мұғалімдер мен ата-аналарымызды лицейіміздің атынан шын жүректен құттықтаймыз. Жеңісті күндерде жолыққанша!

          • БІЗДІҢ ОҚУШЫ

          • Жалпы білім беретін ұйымдардың арасындағы облыстық Фариза оқуында "...Не деген керемет ең! " бөлімі бойынша Қалым Ақбаян атты оқушымыз үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Бағындырар белестерің, алар асуларың арта берсін!

          • БІЗДІҢ МҰҒАЛІМДЕР

          • "Мұғалім үздіксіз ізденіп, жетіліп отырғанда ғана мұғалім"-деп ұлылар айтып кеткендей, лицейіміздің мұғалімдері өздерін әрқашан жетілдіріп отырады. Апта соңы ұстаздарымыз Елжас Ертайұлы ағайымыздың  "БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ҰСТАЗДЫҢ РӨЛІ" атты авторлық семинарына қатысты. Айтары мен алары мол Елжас ағайымыздың өткен семинары ұстаздардарымыз үшін пайдалы болды. 
            Ұстаздар атынан ұйымдастырушыларға рақметімізді айтамыз.

            Әрдайым өзімізді жетілдіріп отырайық!

          • БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР

          • Лицейіміздің 8"С" сынып оқушылары "PBL" жобасы аясында мектебімізде "Umi Zoomi" мейрамханасын ашқан болатын. Мурадов Қуаныш ағайымыздың бастамасымен ұйымдастырылған бұл жоба өте ерекше өтті. Неше түрлі тағамдар, тәттілер, сусындар, барлығы да тіл үйіреді. Мұғалімдеріміз, оқушыларымыз, тәрбиешілеріз аталмыш жобадан дән риза екендерін жеткізді. Жобаны ұйымдастырған оқушыларға лицейіміздің атынан рақметімізді айтамыз!

          • БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚ

          • Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" бағдарламасы бойынша 31 қараша күні "Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек" тақырыбында лицей оқушылары арасында эссе байқауы және де "Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі" тақырыбында сурет байқауы өткен болатын. Оқушыларымыз байқауларға белсене қатысып, өз білімдерін сарапқа салды. 

          • БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚ

          • Лицейімізге "Юнеско клубы" мәртебесі берілді! Алдағы уақытта білім саласы бойынша тек жақсы жаңалықтармен қуантатын боламыз. Бұл мәртебе біз үшін табысты болғай!