2017 жылдың 4 наурызы күні халқымыздың инабаттылық, ізеттілік, сыпайылық сынды ізгі қасиеттеріне баулу, қолөнерлік шеберлігін, қонақ күту әдебін байқау мақсатында «Лицей аруы – 2017» сұлулық сайысы өткізілді.
Сайыстың басты талабы – тән сұлулығы мен жан сұлулығы ұштасқан білімді де тәрбиелі оқушыны анықтау. Сайысқа әр сыныптан 1 үміткерден, жалпы саны 5 үміткер қатысты:
1)7 «А» Сәрсенбиева Алия
2)7 «Б» Утарова Ақтолқын
3)7 «С» Болатқызы Ару
4) 8 «А» Рахатова Асылай
5) 8«Б» Жұмағалиева Гүлназ
Сайыс 8 айналымнан тұрды:
1«Мен – қазақтың қызымын» – таныстыру
2«Сұлулық сыры» – қазақтың ұлттық киім үлгісін көрсету.
3«Өнерлі өрге жүзер» – ән салу, би билеу, күй шерту, көркемсөз оқу.
4«Салт-дәстүрім – салтанатым» – қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары бойынша ұяшық таңдап, сұраққа жауап беру.
5 «Қызым, еркем – кестесімен көркем» берілген уақыт ішінде өз қолымен әшекей бұйымын жасау.
6«Зерделінің ойы озық» – берілген тақырыптар бойынша сөйлеу шеберлігін көрсету.
7«Он саусағынан өнер тамған» – әртүрлі материалдан жасалған киім үлгісін көрсету.
8 «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» – берілген жеміс түрлерін сәндеп, әдемілеп ұсыну.
Әр кезең сайын сайыскерлердің ұпайы хабарланып, сайыс соңында жалпы ұпайдың қорытындысы бойынша:
Утарова Ақтолқын – І орын иеленіп, «Лицей аруы – 2017» атанды;
Жұмағалиева Гүлназ – ІІ орын,
Рахатова Асылай – ІІІ орын иеленді;
Болатқызы Ару мен Сәрсенбиева Алия алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар табысталды.