• Тіл мен дәстүр сабақтастығы
          • Тіл мен дәстүр сабақтастығы

          •   Қыркүйек айының басынан басталып, еліміздің  барлық өңірлерінде, әр мекемеде өзінше аталып өтілген тіл мерекесі ай соңына қарай қортындыланды. Ана тіліміздің қадыр – қасиетін арттыратын, қазақ жерін мекендеген халықтардың татулығын күшейтіп, ынтымақта өмір сүруіне ықпал ететін дәл осындай мерекелердің орны ерекше. Қиын уақыттың болғанына қарамай, көңілінің кеңдігімен құшағын жайып қарсы алған қазақ халқы осы күнге дейін ешбір ұлтты шетке итерген емес. 22 қыркүйек қазақ тілінің заңмен мемлекеттік тіл ретінде қабылданған күні болғанымен, біз қазақ жерін мекендеген бүкіл ұлттардың тілін бірге тойлаймыз. Тату –тәтті өміріміздің бір белгісі осы шығар. Осы құндылықтарды шәкірт бойына сіңіру үшін де тілдер мерекесін мектептердің қабырғасында атап өтудің маңыздығы зор. Сол мақсатты алға қоя отырып, лицеймізде тілдер апталығының аясында «Тіл мен дәстүр сабақтастығы» атты сынып аралық сайыс өтті. Елімізді мекендеген ұлттарға деген сыйластықты, олардың  тіліне, салт – дәстүріне деген құрметті көздеген бұл сайыстың оқушылар жадында ұзақ сақталатындығына күмәніміз жоқ. Қай ұлт берілгеніне қарамастан, сол елдің бір бөлшегіндей берілген тапсырманы толық орындауға тырысып, ең бастысы бар ынтасымен сол тілде сөйледі қыздар. Әнін орындап, биін билеп, салт - дәстүрін түсіндіріп, ұлттық тағамдарын пісіріп, сол тілде өлең оқыған қыздарымыз шынында сол елдің өкіліндей көрінді.    

                    

             

             

             

             

        • Тілдер апталығы ашылды
          • Тілдер апталығы ашылды

          • «Адамға екі нәрсе тірек: бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі» - деп, Жүсіп Баласағұн айтқандай, қазақ тілінің көсегесін көгерту алдымен өзін қазақпын деп санайтындарға, Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті әрбір азаматқа міндет. Мемлекеттік тілді - қазақ тілін өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс. Сүйе отырып, Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандығы үшін басқа тілдерге құрметпен қарауы керек. 1989 жылы қыркүйектің 22-күні Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданған болатын. Ол заңда сол кездегі Қазақ ССР -нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі - ұлтаралық тіл деп бекітілді. 1998 жылы Елбасының жарлығымен 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні болып белгіленді. Бүгінгі күні қазақ жастары үшін екі тілді меңгеру аздық етеді, заманауи білім алу, жаңа қызметке тұру немесе шетелдерді аралау үшін ағылшын, француз, неміс, қытай, араб, түрік тілдерін оқып үйренуі керек. Ол да қиындық тудырмайды деп сенеміз. Оған дәлел бүгінгі өткен тілдер апталығының ашылу салтанаты. Қыздарымыз төрт тілде еркін сөйлеп, бір апта бойы лицейімізде жүретін тілдер апталығының шымылдығын ашып берді.

                

        • Ата - аналар жиналысы өтті
          • Ата - аналар жиналысы өтті

          • Лицейде ата – аналар жиналысы болды. Ата – аналар сынып жетекшілерімен жақыннан танысып, көп сұрақтарына жауап ала алды. Оқушының болашағы үшін пирамидалық жүйе яғни үш жақты қарым-қатынас жасаудың маңыздығы түсіндірілді. Ата - аналарға үй жағдайында балалары үшін сабақ оқуға ыңғайлы жағдай жасаулары керек екендігі айтылды. Электронды журналдың жұмысы түсіндіріліп, балаларын қадағалап отыруға кеңес берілді. Ата – аналар арасынан белсенділер анықталып, бір – бірімен танысып тарасты.

               

        • Химия сабағынан
          • Химия сабағынан

          • Оқу бағдарламасына 8 сыныпта қосылатын химия сабағы барлық оқушыға бірдей жеңіл тие бермейді.Оның үстінен лицей қыздары сабақты ағылшын тілінде бастады. Соған қарамастан қыздарға сабақ ерекше ұнаған сияқты. Оған дәлел сабақтағы белсенділіктері. Жұлдыз апайымыздың ерекше белсенділігі оқушыларға да берілетін сыңайлы.

                

        • Олимпиадаға іріктелді
          • Олимпиадаға іріктелді

          •     «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп, өсуі үшін ең алдымен азаматтық пен білім керек» дейді, Шоқан Уалиханов. Білімнің терең болуы үшін үлкен еңбек пен сабырлылық керек. Адам өмірде қандай жетістікке жетсе, ол білімінің арқасында болмақ. Дәл осы сөзді басшылыққа ала отырып, оқушыларды терең білімге бағыттау мақсатында лицей ішінде пән олимпиадаларына іріктеу болып өтті. Қыздардан үлкен жеңістер күтеміз!   

               

        • Сыңғырла күміс қоңырау!
          • Сыңғырла күміс қоңырау!

          •     1 қыркүйек білім меркесіне орай Атырау облысының Білім басқармасының қолдауымен Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп - лицей - интернаты ашылды. Есігін осы оқу жылында жаңадан ашып отырған лицейде үш 7-ші және екі 8-ші сыныптарға барлығы 130 дай қыз бала қабылданды. Оларға барлығы 17 білікті ұстаздар сабақ өтсе, оның 8-і тек ағылшын тілінде білім береді. Ата - аналардың көп жылғы сұранысының арқасында Батыс Қазақстан облысында алғашқы ашылып отырған қыздар лицейі. Ізгі тілектерінің білім меркесі қарсаңында орындалып, лицей ашылып жатқанына балалар да, ата-аналар да дән риза. Алғашқы қоңырау мерекесін ашып берген лицей директоры Қарсабаев Ермек Ізбасарұлы құттықтау сөзінде: оқушыларға жаңа оқу жылында терең білім мен ғылыми жетістіктер тіледі. Лицейдің білім берудегі негізі бағытымен мен мақсатын түсіндіріп өткен директор «жыл барлығымыз үшін табысты болсын» деп өз сөзін аяқтады. Ашылу салтанатында облыстық білім басқармасынан келген Роза Миллятовна өз сөзінде лицей әкімшілігінен көптеген жетістіктер күтетінін айтып және де үлкен сенім білдіретіндігін жеткізді. Шара соңында ата – аналар алғыстарын білдіріп, ризашылығын танытты. «Сыңғырла күміс қоңырау!» атты алғашқы қоңырау мерекеміз 2016 – 2017 оқу жылының алғашқы «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымен жалғасын тапты.