25 мамыр күні лицейімізде «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.
Салтантты жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының енуінен басталды. Мемлекеттік туды енгізу құрметі оқу озаттары, олимпиада жүлдегерлері Әменова Аружан, Исмагулова Әсел, Ахметова Мөлдірге берілді. Мемлекеттік әнұранмен жалғасқан жиынның алғашқы құттықтау сөзі лицей директоры Қарсабаев Ермек Ізбасарұлына берілді.
Салтанатты жиын барысында 7-сынып оқушысы Утарова Ақтолқын «Сәлем» термесін, 8-сынып оқушысы Темірқанат Мадина «Мектебім менің, мектебім» әнін, «Айару» би үйірмесінің қыздары «Қазақ» биін орындады. 2016-2017 оқу жылы бойынша анықталған озаттар шеруі жүріп өтті. Оқу озаттары мақтау қағаздарымен марапатталды. Лицей тынысына белсенді атсалысып жүрген ата-аналарға алғысхат берілді.
Мемлекеттік ту шығарылып, дәстүрлі соңғы қоңырау соғу рәсімі оқу озаттары, олимпиада жүлдегерлері 8-сынып оқушысы Елеубаева Анар мен 7-сынып оқушысы Камал Дианаға берілді.