• Қабылау емтиханы - 2020

          • Қабылдау емтиханының нұсқаулығы

            Құрметті ата-аналар, 6-сынып оқушылары!

            “Білім-Инновация” лицейлеріне құжаттарды қабылдау рәсімі 2020 жылғы 15 мамыр мен 17 маусымға дейін онлайн түрде жүзеге асырылатынын хабарлаймыз! Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермес үшін, үміткерлерді тіркеу онлайн түрде өтеді.

            Үміткердің заңды өкілдері онлайн-форманы және www.bilemtihan.kz сілтеме бойынша қабылдау емтиханына қатысу өтінішін толтырады.

            Қабылдау емтиханына қатысу үшін төмендегі құжаттар қажет:
            1)Үміткердің ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (форма бойынша);
            2) туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН(ИИН);
            3) фотосурет 3х4.

            Құжаттардың түпнұсқалары талап етілмейді!

            Қабылдау емтиханы 2 кезеңнен тұрады:
            1-кезең. 2020 жылдың 18-19 маусым күндері өтеді. Бірінші кезеңде Үміткер математика және логика сұрақтары, қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәнінен тесттік сұрақтардан тұратын  емтихан тапсырады. 1-кезең нәтижелерін қабылдау комиссиясы 2020 жылдың 25 маусымында онлайн түрде жариялайды. Ата-аналар сайтта өздерінің жеке коды бойынша нәтижелерін көре алады.

            2-кезең. 2020 жылғы 28 маусым күні өтеді. Оған 1-кезеңде қабылдау квотасы бойынша жоғары ұпай жинаған Үміткерлер жіберіледі. 2-кезеңнің емтихан тапсырмалары 1-кезеңдегі пәндер бойынша, 75 тесттік сұрақтан тұрады. 2-кезең нәтижелері 2020 жылғы 6 шілдеде www.bilemtihan.kz сайтында жарияланады.

            Құжаттарды қабылдау ғана ОНЛАЙН түрде өтеді. Үміткер қабылдау емтиханы кезінде "Білім-инновация" лицейлеріне келіп, емтихан тапсырмаларын орындайды. Қабылдау емтиханы кезінде барлық санитарлық талаптар мен оқушылар арасындағы қашықтық  сақталып, тері антисептиктері көзге көрінетін және қол жетімді орындарда орнатылады. Баршаңызға сәттілік!

          • Қабылдау емтиханы - 2020

          • Қабылдау емтиханына байланысты маңызды ақпарат

            Құрметті 6-сынып оқушылары және ата-аналар!Әлемде орын алған коронавирус пандемиясына байланысты, елімізде төтенше жағдай мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин жарияланғаны баршаңызға белгілі.⠀Індеттің алдын алу мақсатында, “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ еліміздің барлық қалаларындағы “Білім-Инновация” лицейлеріне, келесі оқу жылына оқушыларды қабылдау, тіркеу уақытша кейінге шегерілгенін хабарлайды.⠀Қабылдаудың нақты күндерін алдағы уақытта хабарлайтын боламыз!⠀Өзгерістерден хабардар болу үшін, лицей сайтын қарай жүріңіздер.
             

             

            Дорогие родители и ученики 6-ых классов!⠀В связи с постановлением Министерства Здравоохранения об усилении мер по недопущении распространения вирусной инфекции, МОФ "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” сообщает, что регистрация и отбор учеников на предстоящий учебный год откладывается для всех лицеев “Білім-Инновация”.⠀В дальнейшем мы сообщим Вам о датах возобновления регистрации и отбора.

          • ТАМЫЗ СЕМИНАРЫ

          • Дарындылық және дарынды балаларға арналған қазақстандық мектептер: Ізденіс, шығармашылық жылдары мен болашағы.

            Жыл сайынғы әдет бойынша ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен ұстаздарға арналған тамыз семинары басталды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған мұғалімдер қауымы 2 күн бойы жаңа оқу жылының жаңалықтарын талқылайтын болады. 

          • СҮЙІНШІ

          • Ұстаздарымыз ҚР Білім және Ғылым министрінің алғысына бөленді

            Еліміздің білім беру жүйесіне қосқан үлесі үшін лицейіміздің директоры Қарсабаев Ермек мырза мен директор орынбасары Әбіләзім Абылай Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрі 

             

          • Мемлекеттік қызмет істері бойынша орган қалыптасуының 20 жылдығы

          • 2018ж. 16 мамыр күні 9-сынып оқушыларының қатысуымен "Мемлекеттік қызмет істері бойынша орган қалыптасуының 20 жылдығы" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Тыңдаушылар назарына "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндама" ұсынылды.Баяндама аясында мемлекеттік қызметтің даму кезеңдері, мемлекеттік қызметтің ағымдағы жағдайын талдау, Қазақстанның мемлекеттік қызметінің дамуы мен шетелдік үрдістер туралы құнды ақпараттар берілді.

          • КБО-2018

          • Aлға қойылған мақсатқа жету үшін төгілген тер, түнімен күнімен дайындалған еңбекті жетістіктер дәлелдейді. Бұл жетістікке жету жолында ата-ана мен мұғалімнің төккен тері аз емес.Тараз қаласында өткен "Қазақстан Білім Олимпиадасынан" қыздарымыз құр қол қайтпады.

            Қазақ тілі пәні бойынша:

            Таңат Ару- 3 орын, Сабырғали Мерует-3 орын, Мунбаева Іңкəр-3 орын, Оразбайқызы Айша-3 орын, Ибрагимова Сара-3 орын, Абугалиева Нұрай-2 орын 

            Орыс тілі пәні бойынша:

            Сергеева Мадина-2 орын, Сағатова Ұлдай-2 орын, Есова Айым-3 орын, Қайыржанова Ақбота-3 орын

            Ағылшын тілі пәні бойынша: Жолдыбаева Ардақ - 3 орын

            Қыздарымызды және жетекшілерін шын жүректен жетістіктерімен құттықтаймыз! Біз қыздарымызды мақтамаймыз, біз олармен мақтанамыз!

          • ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ-2018

          • 10-11 сәуір аралығында лицейіміздің ұйымдастыруымен "Жарқын Болашақ-2018" олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиада "Жас ғалымдар" "Әнші бұлбұлдар" "Сөз шеберлері" "Жазушылар" "Тілші әдебиетшілер" сайыстарынан тұрады. Осы жылы "Жарқын Болашақ" олимпиадасына 10жыл толып отыр. Олимпиадаға 90-нан астам бірінен-бірі өткен зерек оқушылар қатысып, 7 оқушы Астана қаласында өтетін Республиқалық олимпиадаға жолдама алды! Лицей қоржынында:

            Раxатова Асылай(сөз шеберлері)-3 орын

            Қалым Ақбаян(жазушылар)-2 орын

            Исаxан Камала(жазушылар)-2 орын

            Юлдашева Асаль(тілші әдебиетшілер)-1 орын

            Елеубаева Анар(жас ғалымдар)-1 орын

            Облыстық кезеңіне қатысқан барша оқушыларға және жетекшілеріне алғыс білдіреміз. Республикалық олимпиадаға 1орын алған оқушылар жолдама алады! Сәттілік тілейміз!

          • THE WORLD SCHOLAR’S CUP

          • Қайырлы таң, құрметті оқырмандар! Сіздермен бүгінгі таңда лицейіміз үшін ерекше жаңалықпен бөліскелі отырмыз. Астана қаласында өткен " The World Scolar’s Cup” байқауына лицейімізден 24 оқушы жол тартқан болатын. 8 командаға бөлінген қыздарымыз лицей қоржынына 82 ЖҮЛДЕ алып келді! Оның ішінде 32 алтын -8 senior, 24 junior және 50 күміс-9 senior, 41 junior. Сонымен қатар 3 командамыз ЕҢ ҮЗДІК КОМАНДА атағына ие болып, Барселонада өтетін жартылай финал сайысына жолдама алды. Үздік атанған оқушыларымыз мыналар:

            1-команда: Дана Кайрат, Жания Бекбау, Аделина Бауыржанова

            2-команда Нурсезім Батырбек, Гюзель Бердешбаева, Аружан Ибраемова

            3-команда : Томирис Нургалиева, Сабина НагиеваСара, Ибрагимова

            Ағылшын тілінде эссе жазудан жүлделі 1 орынды иеленген Ибраемова Аружан атты оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз! Қыздарымызды жүлделерімен құттықтаймыз! Жартылай финалға жолдама алған қатысушыларға сәттілік! Жеңістеріміз көп болғай!

          • БІЗДІҢ ОҚУШЫ

          • Құрметті Атырау Қыздар Лицейінің оқырмандары! Сіздермен лицейіміздің тағы бір жетістігімен бөліскелі отырмыз. Наурыздың 16,17 күндері Атырау қаласында Жалпы Білім Беретін Пәндер бойынша оқушылардың Республикалық Олимпиядасы өткен болатын. Республикалық Олимпиядаға алғаш рет жолдама алсақта, география пәнінен қатысқан Ертлеуова Анель атты оқушымыз 3 дәрежелі дипломмен марапатталды! Оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз!Жетістіктер молынан бола бергей!

          • БІЗДІҢ ІС-ШАРА

          • Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында лицейімізде мектепшілік кітап оқу жарысы өткен болатын.Оқушылар 3 тоқсанда қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде кітап оқып, 13 ақпан мен 12 наурыз күндері өткізілген емтиxандарда өз бақтарын сынады. Ең жоғары көрсеткіш көрсетіп, 1 орынды иеленген 9 "А"  сынып оқушысы Елемес Асылайға велосипед сыйланды.2 орын иегері 9 "В" сынып оқушысы Аменова Аружанға планшет сыйланды.3 орын иегері 9 "А" сынып оқушысы Исмагулова Асель наушникпен марапатталды.Жеңімпаздарымызды жетістіктерімен, сыйлықтарымен шың жүректен құттықтаймыз!

          • ЛИЦЕЙ АРУЫ-2018

          • 16 ақпан күні АКЛ тариxында екінші рет "Лицей Аруы - 2018" байқауы өтті. Қыздарымыз байқауда өнер көрсету,дефиле,тағам дайындау секілді әртүрлі сайыстарда бағын сынап, өздерін жан-жақты екенін дәлелдеді. Ақылына көркі сай 8 "б" сынып оқушысы Гилажова Мира атты қатысушымыз жеңіске жетті! Мираны шын жүректен құттықтаймыз! Белестеріңіз тек қана көбейе берсін!

          • БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚ

          • 19 қаңтар күні ДЕБАТ жарысы басталды. Алғашқы ДЕБАТ қазақ тілі пәні бойынша 9 сыныптар арасында өтті. Қатысушыларға көрермендер дауыс беріп, өз қолдауларын көрестіп, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Дүйсенова Таңшолпан мұғаліміміздің әділ қазылығымен тартысқа толы бәйге өтті. Алдағы уақытта орыс, ағылшын тілдерінде дебат жарыстары орын алады.

          • КІТАП ОҚУ САЙЫСЫ

          • «Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге!-деп Абай атамыз жас ұрпақты кітап оқуға шақырғандай, біз де Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектепішілік кітап оқу жарысын бастаған болатынбыз. Оқушыларымыз тоқсан бойы төрт тілде кітап оқитын болады. Алғашқы емтихан 13 Ақпан күні түрік және ағылшын тіліндегі кітаптардан өтеді. Екінші емтихан 12 Наурыз күні қазақ және орыс тіліндегі кітаптар бойынша болады. 1-орын Велосипед2-орын Планшет3-орын НаушникАлғашқы 10 оқушыға түрлі сыйлықтар берілетін болады. Оқушыларымызға сәттілік! Кітапқұмар жастарымыз көп болғай!

          • БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР

          • "Білім басы бейнет, соңы зейнет" дегендей біздің лицей оқушыларыда талпынып, өздерін білім жағынан алғыр екендерін БТС(білім тексеру сынағында) дәлелдеді. 36 "Білім-инновация" лицейлері арасында өткен БТС бойынша көптен озып, ондыққа кірген Ғалламова Назерке, Гайнеденова Айсара, Қанатқызы Арайлым, Мұратқызы Мадина, Амангельдиева Нұрай, Ерболат Томирис атты оқушыларымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

          • СҮЙІНШІ

          • Екі күнге созылған облыстық олимпиада өз мәресіне жетіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған оқушылар белгілі болды. Лицейіміздің ашылғанына екі-ақ жыл болғанына қарамастан оқушыларымыз тамаша нәтиже көрсете білді. Жалпы айтқанда мектебіміз 12 жүлделі орынға қол жеткізді. Нәтиже төмендегідей:
            АЛТЫН жүлде иегерлері - 2 оқушы
            КҮМІС жүлде иегерлері - 3 оқушы
            ҚОЛА жүлде иегерлері - 7 оқушы 
            Осылайша біз үшін жаңа 2018 жыл сәтті басталды. Жүлделі орынға ие болған оқушыларымызды және еңбегі сіңген барша мұғалімдер мен ата-аналарымызды лицейіміздің атынан шын жүректен құттықтаймыз. Жеңісті күндерде жолыққанша!

          • БІЗДІҢ ОҚУШЫ

          • Жалпы білім беретін ұйымдардың арасындағы облыстық Фариза оқуында "...Не деген керемет ең! " бөлімі бойынша Қалым Ақбаян атты оқушымыз үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Бағындырар белестерің, алар асуларың арта берсін!

          • БІЗДІҢ МҰҒАЛІМДЕР

          • "Мұғалім үздіксіз ізденіп, жетіліп отырғанда ғана мұғалім"-деп ұлылар айтып кеткендей, лицейіміздің мұғалімдері өздерін әрқашан жетілдіріп отырады. Апта соңы ұстаздарымыз Елжас Ертайұлы ағайымыздың  "БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ҰСТАЗДЫҢ РӨЛІ" атты авторлық семинарына қатысты. Айтары мен алары мол Елжас ағайымыздың өткен семинары ұстаздардарымыз үшін пайдалы болды. 
            Ұстаздар атынан ұйымдастырушыларға рақметімізді айтамыз.

            Әрдайым өзімізді жетілдіріп отырайық!

          • БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР

          • Лицейіміздің 8"С" сынып оқушылары "PBL" жобасы аясында мектебімізде "Umi Zoomi" мейрамханасын ашқан болатын. Мурадов Қуаныш ағайымыздың бастамасымен ұйымдастырылған бұл жоба өте ерекше өтті. Неше түрлі тағамдар, тәттілер, сусындар, барлығы да тіл үйіреді. Мұғалімдеріміз, оқушыларымыз, тәрбиешілеріз аталмыш жобадан дән риза екендерін жеткізді. Жобаны ұйымдастырған оқушыларға лицейіміздің атынан рақметімізді айтамыз!

          • БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚ

          • Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" бағдарламасы бойынша 31 қараша күні "Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек" тақырыбында лицей оқушылары арасында эссе байқауы және де "Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі" тақырыбында сурет байқауы өткен болатын. Оқушыларымыз байқауларға белсене қатысып, өз білімдерін сарапқа салды. 

          • БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚ

          • Лицейімізге "Юнеско клубы" мәртебесі берілді! Алдағы уақытта білім саласы бойынша тек жақсы жаңалықтармен қуантатын боламыз. Бұл мәртебе біз үшін табысты болғай!

    • Байланыс

      • Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты
      • info@atyraukizlitsei.kz
      • Атырау қ-сы, А.Владимирский к-сі, 28 Atyrau, Vladimirski st., 28
      • +7(7122)52-05-39 Қабылдау бөлімі (09:00-17:00) +7(7122)51-40-15 Анықтама (17:00-09:00)
  • Фотогалерея

      еще нет данных для отображения