2017 жылғы 20-29 қараша аралығында "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" апталығы жоспарланып, "Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" атты сынып сағаты өткізілді және "Зорлық зомбылықсыз балалық шақ" атты түсіндірмелі иллюстративті видеосабақ өткізілді, "Зорлық-зомбылықсыз әлемді қала тұрғызуға болады" атты тақырыпта дебат жарысы өтті.
Құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбымен кездесу өткізілді. Кездесуге мектебіміздің педагог-психологы Телемисова Индира Жұмабайқызы және Атырау қаласы ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Султангалиева Жанаргүл Қуанышқалиевна келіп, оқушылардың көкейінде жүрген құқық бұзышулыққа және құқықтық тәрбиеге байланысты сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.