Қабылау емтиханы - 2020
Қабылдау емтиханының нұсқаулығы
Құрметті ата-аналар, 6-сынып оқушылары!
⠀
“Білім-Инновация” лицейлеріне құжаттарды қабылдау рәсімі 2020 жылғы 15 мамыр мен 17 маусымға дейін онлайн түрде жүзеге асырылатынын хабарлаймыз! Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермес үшін, үміткерлерді тіркеу онлайн түрде өтеді.
⠀
Үміткердің заңды өкілдері онлайн-форманы және www.bilemtihan.kz сілтеме бойынша қабылдау емтиханына қатысу өтінішін толтырады.
⠀
Қабылдау емтиханына қатысу үшін төмендегі құжаттар қажет:
1)Үміткердің ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (форма бойынша);
2) туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН(ИИН);
3) фотосурет 3х4.
⠀
Құжаттардың түпнұсқалары талап етілмейді!
⠀
Қабылдау емтиханы 2 кезеңнен тұрады:
1-кезең. 2020 жылдың 18-19 маусым күндері өтеді. Бірінші кезеңде Үміткер математика және логика сұрақтары, қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәнінен тесттік сұрақтардан тұратын емтихан тапсырады. 1-кезең нәтижелерін қабылдау комиссиясы 2020 жылдың 25 маусымында онлайн түрде жариялайды. Ата-аналар сайтта өздерінің жеке коды бойынша нәтижелерін көре алады.
⠀
2-кезең. 2020 жылғы 28 маусым күні өтеді. Оған 1-кезеңде қабылдау квотасы бойынша жоғары ұпай жинаған Үміткерлер жіберіледі. 2-кезеңнің емтихан тапсырмалары 1-кезеңдегі пәндер бойынша, 75 тесттік сұрақтан тұрады. 2-кезең нәтижелері 2020 жылғы 6 шілдеде www.bilemtihan.kz сайтында жарияланады.
⠀
Құжаттарды қабылдау ғана ОНЛАЙН түрде өтеді. Үміткер қабылдау емтиханы кезінде "Білім-инновация" лицейлеріне келіп, емтихан тапсырмаларын орындайды. Қабылдау емтиханы кезінде барлық санитарлық талаптар мен оқушылар арасындағы қашықтық сақталып, тері антисептиктері көзге көрінетін және қол жетімді орындарда орнатылады. Баршаңызға сәттілік!