• Мектеп туралы

        • «Атырау облысы Білім беру басқармасының «Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  -  білім беру қызметінің функцияларын жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес ұйым болып табылады.

           

           Лицейде білім беру процесін ұйымдастыру


          • Лицейде оқу-тәрбие процесі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен дарынды балаларға арналған (жекелеген (бағдарлы) пәндер тереңдете оқытылатын) мамандандырылған білім беру бағдарламасы және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тәрбие берудің кешенді бағдарламасы негізінде, Лицейдің педагогикалық кеңесі әзірлеген, Лицей директоры бекіткен оқу (тәрбие, жұмыс) жоспары бойынша жүзеге асырылады. 
          • Лицейде оқу-тәрбие процесі білім алушылардың (тәрбиеленушілердің), педагог қызметкерлердің адамгершілік қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.
          • Лицейде оқыту және тәрбиелеу төрт тілде – қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жүргізіледі.

           

             Лицейге қабылдау, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау


          • Лицейге білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) қабылдау тұрғылықты жеріне қарамастан 6-сыныпты бітіріп 7-сыныпқа көшірілген (білімі туралы құжаты, тууы туралы куәлігінің көшірмесі қоса берілген) барлық ұлт өкілдерінен қыз балаларды конкурстық негізде іріктеу арқылы жүзеге асырылады.
          • Лицейге құжаттар қабылдау мерзімін және емтихан уақытын «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қоры белгілейді және қабылдау емтиханын ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы комиссия құрады.
          • Қабылдау емтиханы 2 сатыдан тұрады: «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қоры бекіткен, қазақ және орыс тілдерінде қордың өкілетті өкілдерінің бақылауында өткізілетін бірыңғай тестілеу. Тестілеудің мақсаты талапкерлердің білім деңгейін және қабілетін анықтау болып табылады.
          • Лицей 7-8, 10 сыныптарының білім алушыларын аралық аттестаттау кезеңділігін, тәртібі мен нысанын өзі белгілейді. 7-сыныптың білім алушылары оқу жылының соңында қазақ, ағылшын тілдері және алгебра пәнінен емтихан тапсырады.

           

    • Байланыс

      • Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты
      • info@atyraukizlitsei.kz
      • Атырау қ-сы, А.Владимирский к-сі, 28 Atyrau, Vladimirski st., 28
      • +7(7122)52-05-39 Қабылдау бөлімі (09:00-17:00) +7(7122)51-40-15 Анықтама (17:00-09:00)
  • Фотогалерея

      еще нет данных для отображения