• Ереже

        •  

          Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы

          Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17948 болып тіркелді

                 "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

                 1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары бекітілсін.

                2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

                 1) "Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12788 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

                 2) "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 76 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14956 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

                3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

                1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

                2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

                3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

                4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

                4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

                5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

           

           Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары

           1-тарау. Жалпы ережелер

                1. Осы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу тәртібін белгілейді.

                2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

                1) әлеуетті өнім беруші - қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);

                2) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру - білім алушыларға, олардың білім беру ұйымдарында болу кезеңінде тамақтандыруды ұсыну бойынша қызмет көрсету немесе тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарларды сатып алу үшін қажетті жағдай жасау;

                3) интернет-ресурс - аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;

                4) конкурсқа қатысуға өтінім - конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған, қызметтер көрсету немесе тауарларды жеткізу үшін материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын, әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттар;

                5) конкурстық комиссия - конкурс өткізу үшін конкурсты ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

                6) конкурстық құжаттама - әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінім дайындау үшін және конкурс өткізу шарттары мен тәртібі қамтылған конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын құжаттар;

                7) конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімі - әлеуетті өнім берушімен көрсетілетін қызметтерді көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасу мақсатында конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын өзара байланысты, жүйелі іс-шаралар кешені;

                8) конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші):

                 орта білім беру ұйымдарында - орта білім беру ұйымы, білім беру органы орта білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда немесе "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі - Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастырған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша басқа орган;

                мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында - мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы немесе мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда, білім беру органы;

                9) көрсетілетін қызметті берушіні таңдау өлшемшарттары - әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуі бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;

                10) қаржы жылы - ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;

                11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік - мемлекеттік әріптес және жекешелік әріптес арасындағы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңда айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

                12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де талаптары айқындалатын жазбаша келiсiм;

                 13) отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау - 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар;

                14) әлеуметті өнім берушінің біліктілік талаптары - қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын құжаттар тізбесі;

                15) орта білім беру ұйымы - бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

                16) өнім беруші - қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасқан кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлға;

                17) тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттары - әлеуетті өнім берушінің тауарларды жеткізу бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;

                18) тауарларды сатып алу - тапсырыс берушінің тауарларды осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен сатып алуы;

                19) тиімді тамақтандыру - тамақтандырудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормалары ескерілген үйлестірілген тағам;

                20) шарт - тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында қызметтерді көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт.

           2-тарау. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібі

           1 - параграф. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру тәсілдері

                3. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру:

                1) конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу;

                2) конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандырумен байланысты тауарларды сатып алу;

                3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға және осы Қағидаларға сәйкес білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу арқылы мектеп асханасына жоқ жабдықтарды сатып алу және/немесе тозған жабдықтарды жаңа энергия үнемдейтін жабдықтарға ауыстыру қажет болған жағдайда жүзеге асырылады.

           2 - параграф. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру рәсімі

                4. Конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру көрсетілетін қызметті немесе конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандырумен байланысты тауарларды жеткізушіні таңдау рәсімі конкурсты ұйымдастырушының келесі бірізді іс-шараларды орындауын көздейді:

                1) конкурстық құжаттаманы бекіту;

                2) әлеуетті өнім берушілерді конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында хабарландыру беру арқылы өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабардар ету;

                3) конкурстық комиссия құрамын қалыптастыру және бекіту;

                4) әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау;

                5) комиссияның көрсетілетін қызметті немесе тауарларды берушілерге қойылатын талаптарға сәйкес келетін және (немесе) сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін құжаттарды қарауы;

                6) қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасу.

                5. Егер көрсетілетін қызметті таңдау бойынша конкурсты ұйымдастырушы білім беру органы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша басқа орган болған жағдайда конкурс білім беру ұйымдары бойынша лоттарға бөле отырып өткізіледі. Тауарларды сатып алу кезінде лоттарға бөле отырып, конкурс өткізуге жол беріледі.

                6. Қызметтерді немесе тауарларды сатып алуды конкурсты ұйымдастырушы қызметтерді немесе тауарларды сатып алудың бекітілген жоспары негізінде жүзеге асырады.

                 7. Тиісті бюджет негізінде конкурсты ұйымдастырушы тиісті бюджет бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерге немесе тауарларға қажеттілік негізінде қаржы жылына көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді.

                Тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар болмаған жағдайда тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарында бюджет қаражаты көрсетілмейді және өтінімді қамтамасыз етуді енгізу, шартты орындау талап етілмейді.

                8. Конкурсты ұйымдастырушы көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымында орналастырады.

                9. Қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тапсырыс берушінің бюджетіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда жүзеге асырылады.

                Конкурсты ұйымдастырушы көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзгерістер және (немесе) толықтыруларды конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурс ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған білім беруді басқару органының интернет-ресурсында жағдайда және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында орналастырады.

                10. Конкурстық комиссия конкурсты ұйымдастырушының бұйрығымен құрылады және комиссия мүшелерінің тақ санынан, бірақ кемінде жеті адамнан тұрады.

                Конкурстық комиссия құрамына келісім бойынша мектептердің қамқоршылық кеңесі, өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында басшылықты жүзеге асырып отырған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және ата-аналар жұртшылығының өкілдері енгізіледі.

                11. Конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан көпшілік дауыспен төраға сайланады.

                Төраға болмаған кезде оның функцияларын Комиссия мүшелерінің бірі орындайды.

                12. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссия мүшесі болып табылмайтын комиссия хатшысы қамтамасыз етеді.

                13. Егер комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, конкурстық комиссияның отырысы заңды болып табылады. Конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.

                14. Конкурстық комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санынан оған көп дауыс берген жағдайда шешім қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген комиссия мүшелерінің шешімі қабылданған болып есептеледі.

                15. Комиссия шешімдерін хаттамалар түрінде комиссия хатшысы ресімдейді, оның әрбір парағына қатысып отырған комиссияның мүшелері қолдарын қояды.

                Әлеуетті өнім берушінің немесе оның өкілінің сұранысы бойынша қабылданған шешімге қатысты комиссия отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі беріледі.

                 16. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнім берушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға (бұдан әрі - Үлгілік конкурстық құжаттама) сәйкес конкурсты ұйымдастырушы:

                 1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушылар санатының тізбесін, тауарды берушіні таңдау кезінде Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесін;

                 2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмаларын;

                Көрсетілетін қызметті берушіні таңдау кезінде өнім берушіні таңдау бойынша техникалық тапсырмаға тегін тамақтандыруға құқығы бар білім алушыларды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір қоса беріледі;

                 3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінімді;

                 4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

                 5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызмет берушіні немесе тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттарының тізбені;

                6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес үлгілік шартты қамтитын конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.

                17. Отандық қызметтерді, тауарларды өндірушілерді қолдау үшін конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) техникалық тапсырмада тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде әлеуетті өнім берушілерге тамақ өнімдерін кемінде 80% (сексен пайыз мөлшерінде) отандық қызметтерді, тауарларды өндірушілерден сатып алу туралы талаптарды қарастырады.

                18. Конкурстық құжаттама конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурс ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында орналастырады және және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде талабы бойынша беріледі.

                 Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналына енгізеді.

                19. Адамдарды тіркеу журналы тігіледі, нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

                20. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсты ұйымдастырушының немесе білім басқармасының интернет-ресурсында конкурс ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

                Хабарландыруда конкурсты ұйымдастырушының толық пошталық мекенжайы, бөлме нөмірі, конкурстық құжаттаманы қабылдауға және тіркеуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтінім берудің күні және соңғы мерзімі, сондай-ақ конверттерді ашу күні, уақыты мен жері көрсетіледі.

                21. Конкурсқа қатысуға құқықтық қабілеті бар, төлеуге қабілетті болып табылатын және материалдық, еңбек ресурстары бар әлеуетті өнім беруші үміткер болады.

                22. Әлеуетті өнім беруші немесе сенімхат бойынша оның өкілі конкурсты ұйымдастырушының пошталық мекенжайына немесе қолма-қол тігілген және нөмірленген, басшының қолы қойылып, мөрімен (бар болса) бекітілген құжаттар пакетін, оны ұсынудың соңғы мерзімі аяқталуына дейін жолдайды, онда келесі құжаттар қамтылады:

                 1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған конкурсқа қатысуға өтінім;

                2) құқық қабілетін және әрекетке қабілеттілігін растайтын құжаттар:

                заңды тұлғалар үшін:

                заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

                заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының көшірмесі;

                жеке тұлғалар үшін:

                жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

                жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

                конкурсқа қатысуға өтінім беруге, қол қоюға, комиссия отырысына қатысуға құқық беретін оның мүдделерін білдіретін адамға сенімхат;

                3) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

                4) тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар болған жағдайда конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

                 5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес, өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма;

                Қызметті берушіні таңдау кезінде өнім берушіні тандау бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырмаға тегін тамақтандыруға құқығы бар білім алушыларды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір қоса береді;

                6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім беруші қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер.

                23. Қатысуға өтінімді және тиісті құжаттарды әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, нөмірленген түзетусіз түрінде ұсынады. Өтінімнің соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен бекітіледі.

                Егер конкурс лоттар бойынша бөлінген жағдайда, әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға құжаттарды әр лотқа бөлек ұсынады.

                24. Әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушының банк шотына банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурсқа бөлінген соманың бір пайызынан кем емес мөлшерде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.

                25. Конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамасы бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.

                Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас өтінімді тіркеу немесе себебін көрсете отырып, тіркеуден бас тарту күні мен уақыты туралы мәліметтерді енгізуді есепке алып ресімделеді.

                26. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған құжаттар тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

                27. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің құжаттары бар конверттерді ашуды хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталған күні мен уақытында өткізеді.

                28. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға құжаттарды ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды және әлеуетті өнім берушілердің конверттерін ашуды жүзеге асырады.

                Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға жатады.

                 29. Конверттерді ашу хаттамасы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды конкурсты ұйымдастырушының немесе білім басқармасының интернет-ресурсында конкурс ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.

                30. Өтінімдері бар конверттерді ашқан күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан өтінімді қарайды. Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар қабылданбайды.

                Әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттардың дұрыстығын анықтау қажет болған жағдайда, комиссия тиісті мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардан жазбаша түрде қажетті ақпаратты сұратады.

                31. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты сұраныстарына және өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекетіне жол берілмейді.

                32. Комиссия өтінімдерді ашу кезінде әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың өкілдері өздерінің қалауы бойынша аудиожазба мен бейнетүсірілім жүргізу құқығымен комиссия қызметіне араласпай қатыса алады.

                33. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.

                 34. Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық комиссияның шешімі әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның төрағасының және мүшелерінің қолы қойылған конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді.

                Конкурсқа қатысу туралы рұқсат беру туралы хаттама комиссия отырысы күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.

                35. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған күнінен бастап екі жұмыс күн ішінде рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің құжаттамасын қарайды.

                36. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.

                37. Конкурстық құжаттама талаптарына және біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

                 38. Егер конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім берушілерге рұқсат берілген жағдайда Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8 - қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті берушіні немесе тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттары қолданылады. Бұл жағдайда, барынша көп балл жинаған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

                Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

                 Егер екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші бірдей балл санын жинаған жағдайда, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес тауарлар берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша қызмет көрсету нарығында неғұрлым көп жұмыс тәжірибесі бар, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес тауарлар берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша тауарлар нарығында неғұрлым көп жұмыс тәжірибесі бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады. Бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

                39. Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған адамдарға конкурс қорытындыларын жариялайды.

                 40. Конкурс қорытындылары туралы хаттама осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, оған комиссияның төрағасы және мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және конкурс қорытындылары туралы хаттама қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.

                Конкурс қорытындылары туралы хаттама қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасуға негіз болып табылады.

                41. Конкурс жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім беруші қонкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап және оны конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурс ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде шарттың жалпы сомасынан үш пайыздан кем емес мөлшерде шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізеді.

                Тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар болмаған жағдайда қызметті әлеуетті қызмет беруші шарттың жалпы сомасынан үш пайыздан кем емес мөлшерде шартты жүзеге асыруға қамтамасыз етуді енгізбейді.

                42. Конкурсты ұйымдастырушы өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қол қойылған қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шартты әлеуетті өнім берушіге жолдайды.

                43. Өнім беруші шартты алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қойылған қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шартты конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

                44. Егер әлеуетті өнім беруші осы мерзім ішінде шартқа қол қоймаса, ол шартты қол қоюдан жалтарған деп есептеледі.

                45. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:

                1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған немесе екінші орын алған әлеуетті өнім беруші тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу туралы шарт жасасудан жалтарған;

                2) конкурс жеңімпазы не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.

                46. Осы Қағидалардың 45-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне аударылады.

                47. Шарт бөлінген қаражат шегінде тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жасалады және шарт мерзімі аяқталғаннан кейін өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда екі реттен көп емес ұзартылады.

                Тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылардың саны өзгерген жағдайда қолданыстағы шартқа қосымша келісім жасалады.

                48. Қызмет берушіні таңдау конкурсында жеңімпаз болып танылған әлеуетті өнім беруші күнтізбелік он бес күн ішінде мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мектеп асханасының бөлмесін және жабдықтарын жалдау жөнінде шарт жасасады.

                 49. Көрсетілетін қызметті беруші жалдау шартын алғаннан кейін білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті көрсеткенге дейін "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11626 болып тіркелген) 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.

                50. Шарттық міндеттемелерді орындау процесінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.

                51. Конкурс қорытындыларын шығарғанға дейінгі, бірақ қаржы жылының кемінде үш айдан аспайтын кезеңге қажеттілікке сәйкес білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсетуге немесе тауарларды жеткізуге қажеттілік болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін тиісті өнім берушіні немесе тауарларды берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

                Аталған шешімді қабылдаған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге немесе тауарларды жеткізуге тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсететін немесе тауарларды жеткізетін өнім берушіге сұрау жібереді.

                52. Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін немесе тауарларды жеткізетін өнім беруші келіскен жағдайда конкурсты ұйымдастырушының хаты түскен күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жарғының (заңды тұлғалар үшін) немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке басты куәландыратын құжаттың (жеке тұлғалар үшін) көшірмелерін, техникалық тапсырманы және әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтерді қоса беріп, жауап жолдайды.

                53. Конкурсты ұйымдастырушы көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды берушіден хат алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оған қол қойылған қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шартты жібереді.

                54. Өнім беруші шарт жобасын алған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде қол қойылған қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шартты конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

                55. Конкурстық комиссияның хатшысы екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметті беруші немесе тауарларды беруші туралы ақпарат жариялайды.

                56. Конкурсты ұйымдастырушы:

                1) ұсынылған өтінімдер болмаған;

                2) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген;

                3) конкурс жеңімпазы, егер аталған өнім беруші конкурсқа жалғыз қатысып, шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, конкурсты өткізілмеді деп таниды.

                57. Конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізілмеді деп танылған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімдер беретін соңғы күнге кемінде күнтізбелік он күн қалғанда конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру арқылы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсты қайта өткізу туралы жариялайды.

                Егер конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайда конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысқан кезде, конкурстық комиссия көрсетілетін қызметтерді, тауарларды берушілерді таңдау өлшемшарттары бойынша конкурс жеңімпазынан кейін көп балл жинаған әлеуетті өнім берушімен шарт жасасу туралы шешім қабылдайды және екі күн ішінде оған шартты жолдайды.

                Әлеуетті өнім беруші шартты алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылған тауарларды жеткізу немесе қызмет көрсету туралы шартты конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

                 58. Осы Қағидалардың 55-тармағына сәйкес қайта өткізілген конкурс өткізілмеген болып танылған жағдайда конкурстық комиссияның шешімі бойынша конкурсты ұйымдастырушы тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсететін немесе тауарларды жеткізетін өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

                 Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 51, 52, 53, 54-тармақтарына ұқсас жүзеге асырылады.

           3 - параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға сәйкес орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі

                59. Жекеме әріптесті айқындау Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңның 31 - бабына сәйкес белгіленген тәсілдермен жүзеге асырылады.

                60. Әлеуетті жекеме әріптестің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңның 34-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

                 61. Орта білім беру ұйымдарында білім алатындарды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті алу Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес өтінім негізінде жүзеге асырылады.

                 Өтінім қабылданбаған жағдайда конкурс осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфында көзделген орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібіне сәйкес өткізіледі.

                 62. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт жасалғанға дейінгі кезеңге қажеттілікке сәйкес білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету қажеттілігі болған жағдайда орта білім беру ұйымы немесе білім беруді басқару органы, егер орта білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті дербес жүргізбеген жағдайда осы Қағидалардың 51, 52, 53-тармақтарына сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

                Осы шешім қабылданған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсету үшін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсететін өнім берушіге сұрау жібереді.

                 63. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету осы Қағидалардың 2-тарауының 3-параграфында көзделген орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

           3-параграф. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету тәртібі

                 64. Тамақтандыруды ұйымдастыру "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

                65. Асхананың және (немесе) буфеттің жұмыс уақыты оқу процесі аяқталғанға дейін бір сағат бұрын аяқталады.

                66. Білім беруді басқару органдары және орта білім беру ұйымдары интернет-ресурста "Мектептік тамақтану" айдарын құрады және білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпаратты жүйелі түрде орналастыруды қамтамасыз етеді.

                67. Орта білім беру ұйымының басшысы перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын алдағы күнге ас мәзірін бекітеді және оны асханаға және білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін қолжетімді жерге орналастырады.

                68. Қызметті жеткізуші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынады.

                69. Орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі өкілдерінің, білім беру ұйымының медициналық пунктінің медицина қызметкерінің қатысуымен тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылады. Комиссияның төрағасы орта білім беру ұйымының басшысы болып табылады.

                70. Комиссияның міндеттеріне келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығына, азық-түлік пен дайын тағамдарды сақтау мерзімдері мен шарттарының сақталуына мониторинг жүргізу кіреді.

                71. Комиссия жұмысының қорытындылары тоқсан сайын кейін оларды білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қарау және орта білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастыру үшін ақпарат түрінде ресімделеді.

                72. Білім беруді басқару органдары жанынан қызмет атқаратын тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтар тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың қызметіне жүйелі мониторинг жүргізеді және оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды.

           3-тарау. Мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу рәсімі

                73. Тауарларды жеткізушіні таңдау рәсімі конкурсты ұйымдастырушының келесі бірізді іс-шараларды орындауын көздейді:

                1) конкурстық құжаттаманы бекіту;

                2) конкурсты ұйымдастырушы конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында хабарландыру беру арқылы өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабардар ету;

                3) конкурстық комиссия құрамын қалыптастыру және бекіту;

                4) әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау;

                5) комиссияның көрсетілетін қызмет берушілерге немесе тауарларды берушілерге қойылатын талаптарға сәйкес келетін және (немесе) сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін құжаттарды қарауы;

                6) қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасу.

                74. Тауарларды сатып алуды конкурсты ұйымдастырушы тауарларды сатып алудың бекітілген жоспары негізінде жүзеге асырады.

                75. Тиісті бюджет негізінде конкурсты ұйымдастырушы тиісті бюджет бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларға қажеттілік негізінде қаржы жылына тауарларды сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді.

                76. Тамақтануға арналған шығындардың 100 пайызы ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын мектепке дейінгі ұйымдарда тауарларды сатып алу жоспары қаржы жылының желтоқсан айында бекітіледі.

                77. Конкурсты ұйымдастырушы немесе тамақтану шығындарының 100 пайызы ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын мектепке дейінгі ұйымның басшысы тауарларды сатып алу жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында орналастырады.

                78. Тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тапсырыс берушінің бюджетіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда жүзеге асырылады.

                Конкурсты ұйымдастырушы немесе тамақтану шығындарының 100 пайызы ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын мектепке дейінгі ұйымның басшысы тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзгерістер және (немесе) толықтыруларды конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында орналастырады.

                79. Конкурстық комиссия конкурсты ұйымдастырушының бұйрығымен құрылады және комиссия мүшелерінің тақ санынан, бірақ кемінде жеті адамнан тұрады.

                Конкурстық комиссия құрамына келісім бойынша мектептердің қамқоршылық кеңесі, өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында басшылықты жүзеге асырып отырған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және ата-аналар жұртшылығының өкілдері енгізіледі.

                80. Конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан көпшілік дауыспен төраға сайланады.

                Төраға болмаған кезде оның функцияларын Комиссия мүшелерінің бірі орындайды.

                81. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссия мүшесі болып табылмайтын комиссия хатшысы қамтамасыз етеді.

                82. Егер комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, конкурстық комиссияның отырысы заңды болып табылады. Конкурстық комиссия мүшелерінің бірі болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.

                83. Конкурстық комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санынан оған көп дауыс берген жағдайда шешім қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген комиссия мүшелерінің шешімі қабылданған болып есептеледі.

                84. Комиссия шешімдерін хаттамалар түрінде комиссия хатшысы ресімдейді, оның әрбір парағына қатысып отырған комиссияның мүшелері қолдарын қояды.

                Әлеуетті өнім берушінің немесе оның өкілінің сұранысы бойынша қабылданған шешімге қатысты комиссия отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі беріледі.

                 85. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнім берушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға (бұдан әрі - Үлгілік конкурстық құжаттама) сәйкес конкурсты ұйымдастырушы:

                 1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесін;

                 2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмаларын;

                 3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінімді;

                 4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

                 5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаларға сәйкес тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттарын;

                 6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес Үлгілік шартты қамтитын конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.

                86. Отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау үшін конкурсты ұйымдастырушы техникалық тапсырмада тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде әлеуетті өнім берушілерге тамақ өнімдерін кемінде 80% (сексен пайыз мөлшерінде) отандық қызмет көрсетушілерден, тауар өндірушілерден сатып алу туралы талаптарды қарастырады.

                87. Конкурстық құжаттама конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында орналастырады және және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде талабы бойынша беріледі.

                 Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналына енгізеді.

                88. Адамдарды тіркеу журналы тігіледі, нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

                 89. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

                Хабарландыруда конкурсты ұйымдастырушының толық пошталық мекенжайы, кабинет нөмірі, конкурстық құжаттаманы қабылдауға және тіркеуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтінім берудің күні және соңғы мерзімі, сондай-ақ конверттерді ашу күні, уақыты мен жері көрсетіледі.

                90. Конкурсқа қатысуға құқық қабілеті бар, төлеуге қабілетті болып табылатын және материалдық, еңбек ресурстары бар әлеуетті өнім беруші үміткер болады.

                91. Әлеуетті өнім беруші немесе сенімхат бойынша оның өкілі конкурсты ұйымдастырушының пошталық мекенжайына немесе қолма-қол тігілген және нөмірленген, басшының қолы қойылып, мөрімен (бар болса) бекітілген құжаттар пакетін, оны ұсынудың соңғы мерзімі аяқталуына дейін жолдайды, онда келесі құжаттар қамтылады:

                 1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған конкурсқа қатысуға өтінім;

                2) құқық қабілетін және әрекетке қабілеттілігін растайтын құжаттар:

                заңды тұлғалар үшін:

                заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

                заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының көшірмесі;

                жеке тұлғалар үшін:

                жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

                жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

                конкурсқа қатысуға өтінім беруге, қол қоюға, комиссия отырысына қатысуға құқық беретін оның мүдделерін білдіретін адамға сенімхат;

                3) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

                4) тегін тамақтануға құқығы бар білім алушылар болған жағдайда конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

                 5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес, өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма;

                 6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім беруші қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер.

                92. Қатысуға өтінімді және тиісті құжаттарды әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, нөмірленген түзетусіз түрінде ұсынады. Өтінімнің соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен бекітіледі.

                Егер конкурс лоттар бойынша бөлінген жағдайда, әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға құжаттарды әр лотқа бөлек ұсынады.

                93. Әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушының банк шотына банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурсқа бөлінген соманың бір пайызынан кем емес мөлшерде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.

                94. Конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамасы бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.

                 Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас өтінімді тіркеу немесе себебін көрсете отырып, тіркеуден бас тарту күні мен уақыты туралы мәліметтерді енгізуді есепке алып ресімделеді.

                95. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған құжаттар тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

                96. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің құжаттары бар конверттерді ашуды хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталған күні мен уақытында өткізеді.

                97. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға құжаттарды ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды және әлеуетті өнім берушілердің конверттерін ашуды жүзеге асырады.

                Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға жатады.

                 98. Конверттерді ашу хаттамасы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.

                99. Өтінімдері бар конверттерді ашқан күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан өтінімді қарайды. Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар қабылданбайды.

                Әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттардың дұрыстығын анықтау қажет болған жағдайда, комиссия тиісті мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардан жазбаша түрде қажетті ақпаратты сұратады.

                100. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты сұраныстарына және өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекетіне жол берілмейді.

                101. Комиссия өтінімдерді ашу кезінде әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың өкілдері өздерінің қалауы бойынша аудиожазба мен бейнетүсірілім жүргізу құқығымен комиссия қызметіне араласпай қатыса алады.

                102. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.

                 103. Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық комиссияның шешімі әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның төрағасының және мүшелерінің қолы қойылған конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді.

                Конкурсқа қатысу туралы рұқсат беру туралы хаттама комиссия отырысы күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.

                104. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған күнінен бастап екі жұмыс күн ішінде рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің құжаттамасын қарайды.

                105. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.

                106. Конкурстық құжаттама талаптарына және біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

                107. Егер конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім берушілерге рұқсат берілген жағдайда Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттары қолданылады. Бұл жағдайда, барынша көп балл жинаған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

                Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

                 Егер екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші бірдей балл санын жинаған жағдайда, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес тауарлар берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша тауарлар нарығында неғұрлым көп жұмыс тәжірибесі бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады. Бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

                108. Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған адамдарға конкурс қорытындыларын жариялайды.

                 109. Конкурс қорытындылары туралы хаттама осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, оған комиссияның төрағасы және мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және конкурс қорытындылары туралы хаттама қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастырылады.

                Конкурс қорытындылары туралы хаттама қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасуға негіз болып табылады.

                110. Конкурс жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім беруші қонкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап және оны конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем емес мөлшерде шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізеді.

                111. Конкурсты ұйымдастырушы өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қол қойылған қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шартты әлеуетті өнім берушіге жолдайды.

                112. Өнім беруші шартты алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қойылған қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шартты конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

                113. Егер әлеуетті өнім беруші осы мерзім ішінде шартқа қол қоймаса, ол шартты қол қоюдан жалтарған деп есептеледі.

                114. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:

                1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған немесе екінші орын алған әлеуетті өнім беруші тауарларды жеткізу туралы шарт жасасудан жалтарған;

                2) конкурс жеңімпазы не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген тауарларды жеткізу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.

                115. Осы Қағидалардың 113-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне аударылады.

                116. Шарт бөлінген қаражат шегінде тиісті қаржы жылында міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жасалады және шарт мерзімі аяқталғаннан кейін өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда екі реттен көп емес ұзартылады.

                Шарт бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде міндетті түрде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

                117. Шарттық міндеттемелерді орындау процесінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.

                118. Конкурс қорытындыларын шығарғанға дейінгі, бірақ қаржы жылының кемінде үш айдан аспайтын кезеңге тауарларды жеткізуге қажеттілік болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

                Аталған шешімді қабылдаған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы тауарларды жеткізетін өнім берушіге сұрау жібереді.

                119. Тауарларды жеткізетін өнім беруші келіскен жағдайда конкурсты ұйымдастырушының хаты түскен күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жарғының (заңды тұлғалар үшін) немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, жеке басты куәландыратын құжаттың (жеке тұлғалар үшін) көшірмелерін, техникалық тапсырманы және әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерін қоса беріп, жауап жолдайды.

                120. Конкурсты ұйымдастырушы тауарларды берушіден хат алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оған қол қойылған тауарларды жеткізу туралы шартты жібереді.

                121. Өнім беруші шарт жобасын алған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде қол қойылған тауарларды жеткізу туралы шартты конкурсты ұйымдастырушыға қайтарады.

                122. Конкурстық комиссияның хатшысы екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында тауарларды жеткізуші туралы ақпарат жариялайды.

                123. Конкурсты ұйымдастырушы:

                1) ұсынылған өтінімдер болмаған;

                2) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген;

                3) конкурс жеңімпазы, егер аталған өнім беруші конкурсқа жалғыз қатысып, шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, конкурсты өткізілмеді деп таниды.

                124. Конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізілмеді деп танылған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімдер беретін соңғы күнге кемінде күнтізбелік он күн қалғанда конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушыда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру арқылы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсты қайта өткізу туралы жариялайды.

                Егер конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайда конкурсқа екі және одан да көп әлеуетті өнім беруші қатысқан кезде, конкурстық комиссия тауарларды берушілерді таңдау өлшемшарттарына сәйкес конкурс жеңімпазынан кейін көп балл жинаған әлеуетті өнім берушімен шарт жасасу туралы шешім қабылдайды және екі күн ішінде оған шартты жолдайды.

                Әлеуетті өнім беруші шартты алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылған тауарларды жеткізу туралы шартты конкурс ұйымдастырушысына қайтарады.

                125. Осы Қағидалардың 122-тармағына сәйкес қайта өткізілген конкурс өткізілмеген болып танылған жағдайда конкурстық комиссияның шешімі бойынша конкурсты ұйымдастырушы тауарларды жеткізетін өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

                 Өнім берушіні тарту осы Қағидалардың 118, 119, 120, 121-тармақтарын ұқсас жүзеге асырылады.

                126. Тамақтану шығындарының 100 пайызы ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын мектепке дейінгі ұйымдарда тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды жеткізушімен тауарларды жеткізу шартын тікелей жасасу жолымен жүзеге асырылады. Шартқа қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мектепке дейінгі ұйымның басшысы мектепке дейінгі ұйымның немесе мектепке дейінгі ұйымда өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беруді басқару органының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымында тауарларды жеткізуші туралы ақпаратты орналастырады.

                127. Осы Қағидалардың сақталуын бақылауды балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асырады.

    • Байланыс

      • Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты
      • info@atyraukizlitsei.kz
      • Атырау қ-сы, А.Владимирский к-сі, 28 Atyrau, Vladimirski st., 28
      • +7(7122)52-05-39 Қабылдау бөлімі (09:00-17:00) +7(7122)51-40-15 Анықтама (17:00-09:00)
  • Фотогалерея

      еще нет данных для отображения